Қазіргі таңда «Асия апа» бөбекжай-балабақшасына қабылдау ваучерлік жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Ата-ана алдымен SmartNation базасы арқылы баланы кезекке қояды. Кезек баланың санатына сәйкес автоматты түрде қалыптасады. Кезегі келген ата-анаға ваучер автоматты түрде беріледі.
Ваучер берілгеннен кейін ата-ана ваучер негізінде балабақшаны таңдап, өтініш қалдырады.
Өтініш беру барысында баланың барлық қажетті құжаттары Smartnation базасына белгіленген форматта жүктеледі.
Құжаттар толық әрі талапқа сай болған жағдайда бала балабақшаға қабылданады.